Қазақстандық теннисші Қытайдағы жарыста топ жарды

180

20 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Қытайдағы Мааньшань ITF W15 турнирінің жеңімпазы болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші Қытайдағы жарыста топ жарды Фото: ktf.kz

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Софья Лансеремен бірге барлығы төрт кездесуін жеңіспен тәмамдады.

Қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 1-ракеткалары, қытайлық Меики Куо – таиландтық Пеангтарн Плипуекпен чемпиондық атақ үшін таласты.

Бірінші партияда Кенжебаева – Лансере 6:3 есебімен басымдылық көрсетті. Ал екіншісінде қытайлық-таиландтық дуэт қарымта қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Сандуғаш пен Софья таразы басын аудара білді – 10:8.

Осылайша финалдық матч 1 сағат 14 минутқа созылды.

Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында биыл Түркиядағы екі жарыста да жеңімпаз атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу