Отандасамыз жапониялық Эна Сибахарамен бірге жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, тайбэйлік Се Шувэй – қытайлық Чжан Шуаймен кортта кездесті. Бірінші кезеңде тайбэйлік-қытайлық жұп басымдылық 7:5 есебімен басым болған.
Екіншісінде Данилина - Сибахара есе қайырды - 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 10:4.
Бір сағат 39 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-жапониялық жұп 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Анна Данилина - Эна Сибахарамен финалға шығу үшін ресейлік Ирина Хромачева – мажарстандық Фанни Столлар немесе бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя – германиялық Лаура Зигемунд жұптары таласады.