Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева шешуші бәсекеде дүниежүзілік рейтингіде 751-орында тұрған сербиялық Драганья Вуковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші сетте Жібек 2:0 есебімен алға шыққанымен, корт иесі таразы басын теңестірді – 2:2. Дегенмен Құламбаева тағы бір брейк жасап, сетке доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.
Екінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Жібек брейк жасай алды. Алайда содан кейін үш матчболын пайдалана алмады. Тай-брейкте сербиялық спортшы 3:0 есебімен алға шыққанымен, Құламбаева бесінші матчболын өз есебіне жазды – 7:6 (7:5).
Осылайша, тартысты өткен финалдық матч бас-аяғы 2 сағатқа созылды.