Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысуда, деп жазады Olympic.kz.
Александр Недовесов алғашқы айналымда АҚШ өкілі Дэннис Новиковқа қарсы ойнап, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде ол тағы бір америкалық спортшы Патрик Кипсонға қарсы шығады.
Қазақстандық Дмитрий Попко 9 қараша күні америкалық Улисс Бланшпен кездеседі.
Ал 10 қарашада Голубев / Недовесов жұбы америкалық Роберт Галлоуэй мен филиппиндік Трит Хуэйге қарсы ойнайды. Дмитрий Попко канадалық Питер Поланскимен жұптасып, сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу