Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді

629

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Григорий Ломакин әлемдік рейтингте жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді

Андрей Голубев жұптық сында 24-орынға көтерілді. Ол спорттық жолында мұндай сатыға жоғарылап көрмеген еді. Тағы бір қазақстандық, өткен аптада жұптық сында Колумбиядағы турнирдің финалына дейін жеткен Григорий Ломакин бірден 48 сатыны артта қалдырды. Ол қазір 265-сатыда. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жекелей сында 37-ші, Михаил Кукушкин 160-орында келеді. Дмитрий Попко 175-тен 169-ға көтерілді. Тимофей Скатов – 193-ші, Денис Евсеев – 341-ші, Бейбіт Жукаев 509-шы сатыда тұр.

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 18-орында қалса, Юлия Путинцева 47-ден 46-ға ауысты. Зарина Дияс 112-ден 113-ке сырғыды. Жұптық сында Анна Данилина 21-ші, Жібек Құламбаева 302-орында келеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу