Қазақстандық теннисшілер рейтингтегі осыған дейінгі орнын сақтап қалды. Әйелдер арасында Елена Рыбакинаның нәтижесі жоғары. Ол алғашқы жиырмалыққа еніп, 19-шы орында тұр.
Юлия Путинцева 28, Зарина Дияс 79-шы сатыда. Рейтинг көшін австралиялық Эшли Барти бастап тұр. Екінші орында румыниялық Симона Халеп, үшінші орында жапониялық Наоми Осака.
Ерлер арасында Александр Бублик 50-ші, Михаил Кукушкин 89-шы, Дмитрий Попко 172-ші орында. Үздік үштікті Новак Джокович (Сербия), Рафаэль Надаль (Испания), Доминик Тим (Австрия) түйіндеген.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        