Қазақстандық теннисшілер үздіктер қатарында

504

Алматыда үстел теннисінен "Сontender" халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Қазақстандық теннисшілер үздіктер қатарында

Жарыстың үшінші күні жұптық және аралас жұптық бәсекелер өтті. Қазақстан спортшылары арасынан бірінші болып жарыс жолына шыққан Бақдәулет Әкімәли мен Ырысбек Артықметов Қытай елінің шеберлеріне жол беріп қойды. Дастан Кенжеғұлов пен Санжар Жұбанов жұбы болса франциялық атлеттердің алдын орап кетті. Бұрымды спортшылар жарысында Айя Әлімбаева мен Гузель Торшаева келесі кезеңге сүрінбей өтті. Аралас жұптық бәсекеде Алан Құрманғалиев пен Сарвиноз Миркадирова қарсыласын 3:2 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды. Ал жекелей жарысты негізгі кезеңнен бастайтын отандасымыз Кирилл Герасименко 1/16 финалда Хорватия спортшысымен өзара мықтыны анықтайды. Жүлде қоры 75 мың долларды құрайтын халықаралық турнир жеңімпаздары 3-ші қыркүйек күні белгілі болады.

"Бұл жарысты атап өтетін болсақ, Контендер әлем деңгейіне сай өте керемет нұсқада өтіп жатыр. Біздер ойыншы ретінде ризамыз. Мынадай мықты-мықты елдерден ойыншылар келіп, жеке тәжірибе ретінде көп нәрсе алып жатырмыз. Атап өтетін болсақ, шет елге шығып жүргенде осындай Контендер жарысы мынадай біздің деңгейде ешқандай елде өткізбейді", дейді Үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дастан Кенжеғұлов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу