Компания өкілдерінің пікірінше, олар шығаратын тігіссіз құбырлардың жоғары сапасы – халықаралық стандарттарға сай. Бұған өнім шығаратын бірегей жабдықты пайдалану мен дайын құбыр өнімдерінің сапасын бақылау мен сынаудың жаңа әдістемесінің көмегімен қол жеткізілді, делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
2018 жылдың қазанында "KazakhExport" ЭСК" АҚ экспорттаушының кредитін сақтандыру мен айналым қаражатын 2,65 млрд.теңгеге толтыратын экспорт алдындағы қаржыландыру арқылы KSP Steel компаниясына қолдау көрсетті. Мәміле "Альфа-Банк" ЕҰ АҚ-мен бірлесе отырып жүзеге асты.
"KazakhExport" ЭСК" АҚ көрсеткен қолдаудың көмегімен компания Ресей Федерациясына қаптамалы, мұнай тасушы, сорғы-компрессор тігіссіз болат құбырлар мен жалғастырғыштардың экспортын ұлғайтты.
Биылғы жылда бұл KSP Steel-мен жасалған үшінші мәміле, алдыңғы екі мәміле Ресей Федерациясына тігіссіз құбырлардың үлкен топтамасын жеткізу мақсатында жасалған еді. Сол мәміледе өндіруші кәсіпорын 550 миллион ресей рублі сомасындағы өнімді табысты экспорттады.
Осы жасалған экспорт алдындағы қаржыландыру мәмілесінің мәні – "KazakhExport" экспорттық келісімшарт бойынша төлем мұрсатын сақтандырды және экспорттаушының айналым қаражатын толтыруды қаржыландырды. Нәтижесінде, қазақстандық экспорттаушы келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауға қажетті қосымша айналым қаражатын алады, сондай-ақ өз өнімінің экспорттық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік алады.
Экспорт алдындағы қаржыландыру – Қазақстан Республикасының банктеріне шартты салымдар орналастыру арқылы айналым қаражатын толтыруды қаржыландыратын, "KazakhExport" ұсынатын құрал.