Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында төрелік етті

780

Қазақстандық төрешілер Татьяна Сорокопудова (Қарағанды) мен Наргис Магау (Алматы) 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2022 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында төрелік етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында төрелік етті

Ойындар 6-12 сәуір аралығында Солтүстік Ирландияда өтті. 

Қазақстандықтар төрелік еткен топта Әзербайжан, Мальта, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдары құрамалары ойнады. Біздің төрешілер топтағы Солтүстік Ирландия – Мальта (1:1), Солтүстік Ирландия – Фарерские аралдары (5:0) және Әзербайджан – Солтүстік Ирландия (0:1) матчтарында қызмет атқарды.

Татьяна Сорокопудова екі кездесуде бас төреші болса, бір ойында қосалқы төреші міндетін орындады. Наргис Магау үш ойында да бас төрешінің көмекшісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу