Қазақстандық төрт балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты

677

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде төрт қазақстандық балуан финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық төрт балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты

Құрлықтық біріншіліктің алғашқы күнінде грек-рим күресінен 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар боз кілемге шықты. Іріктеу кезеңінде Қазақстан сапынан Аманғали Бекболатов, Мирамбек Айнағұлов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов финалға шықса, Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. 

Финал елорда уақытыман сағат 16:00-де басталады. 

Қазақстандық спортшылардың финалдық кезеңдегі қарсыластары келесідей болмақ: 

55 келі: Аманғали Бекболатов - Ю Шотани (Жапония)

63 келі: Мирамбек Айнағұлов - Тынар Шаршенбеков (Қырғызстан)

77 келі: Ақжол Махмудов (Қырғызстан) -  Мақсат Ережепов

130 келі: КИМ Минсок (Оңтүстік Корея) - Әлімхан Сыздықов

Жұбаныш финалы (қола жүлде үшін белдесу)

87 келі: Мелис Айтбеков (Қырғызстан) - Нұрсұлтан Тұрсынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу