Қазақстандық трейдерлерге Грузияға бидай экспорттау тиімсіз

1004

Отандық  трейдерлерге Грузияға бидай экспоттау тиімсіз. Себебі астықты Ресей арқылы алып өткенде кедендік құн салығы, логистика қымбатқа түседі, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстандық трейдерлерге Грузияға бидай экспорттау тиімсіз Фото: inbusiness.kz

Ал Грузия қазақстандық бидайдың импортын арттыруға ниетті. Мұны "Грузияның ұн және бидай өндірушілер қауымдастығының" атқарушы директоры Леван Силагава мәлім етті.

Бұл елде жылына шамамен жеті жүз тоннаға жуық бидай тұтынады. Өнімнің 90%-ы елге шетелден жеткізіледі.

Грузияны бидаймен негізінен Ресей қамтамасыз етіп жүр. Енді ресейлік бидайдың бір бөлігін қазақстандық бидаймен алмастыру жолдары қаралуда. Алайда біздің трейдерлер бұл елге астық тасымалдауға құлықсыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу