Бұл бейнежазба көрші елдің қоғамында қызу талқыланып, көпшіліктің ашу-ызасын тудырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Видеодан бірнеше саяхатшының алдымен құстың аузына су құйылған бөтелкені тықпақ болғанын байқау қиын емес. Кейін тағы бір турист страустың мойнынан ұстап, өзіне қарай тартып жіберген. Мұнан құстың мойны бұралып кеткен. Осы іс-әрекеттерден кейін старус қатты үрейленіп қаша жөнеледі.
Бейнежазбаның нақты қай уақытта түсірілгені әзірге белгісіз. Әлеуметтік желі қолданушылары туристерді анықтап, оларды жауапкершілікке тартуды талап етуде. Куәгерлер бұл топты Қазақстаннан келген туристер деп сипаттаған, бірақ олардың нақты кім екені ресми түрде дәлелденбей отыр.
Қазірге дейін билік органдары немесе зообақ әкімшілігі тарапынан толық қорытынды жарияланбады.