Қазақстандық уран экспорты Қытай бағытында жаңа рекорд орнатты

742

Ресей бағыты да алдыңғы орында: 10 айда экспорт көлемі 1,2 млрд доллар сомасына жақындады.

Қазақстандық уран экспорты Қытай бағытында жаңа рекорд орнатты Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың он айында Қазақстан шет мемлекеттерге жалпы сомасы 2,46 млрд доллар болатын өңделген уран сатты, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бірінші несие бюросына сілтеме жасап.

Экспорт бағыттарының арасында Қытай алдыңғы орында тұр: қаңтар-қазан айларында Қазақстан Республикасы аталған елге 922,7 млн долларға уран жөнелтті, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге көп. Осы ретте қазан айы өте табысты болды. Бұл ақшалай түрде биылғы жылдың барлық көлемінің 28% құрады: 258 млн доллар, бұл 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда 9 есе жоғары.

Ресей бағыты да алдыңғы орында: 10 айда экспорт көлемі 1,2 млрд доллар сомасына жақындады (жылдық көрсеткіште +72%). Нәтижесінде Қытайға да, Ресей Федерациясына да экспорттың ұлғаюы тағы бір маңызды бағыт – канадаға жөнелтілімдердің азаюының орнын толтырды. Мәселен, биылғы жылдың 10 айында Канадаға экспорт 168,5 млн долларды құрады – өткен жылмен салыстырғанда минус 70%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу