Қазақстандық үш боксшы рингтен уақытша шеттетілді

819

Қазақстандық үш боксшы рингтен уақытша шеттетілді

Квебектің бокс комиссиясы қазақстандық боксшылар Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО), Нұрзат Сабыров (6-0, 5 КО) және Батыр Жүкембаевты (13-0, 11 КО) уақытша рингтен шеттетті, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның себебі спортшылар осы демалыста жекпе-жек өткізген соң, қайтадан қалыпқа келу керек. BoxRec.com сайтының мәліметінше, Ахмедов рингке 2 маусымнан кейін, Сабыров 9 маусымнан кейін, Жүкембаев 17 маусымнан кейін оралады. 

Сабыров пен Ахмедов рингтегі келесі жекпе-жектерін 16 маусымда өткізеді, қарсыласының кім екені әзірге белгісіз.

Естеріңізге салайық, Садриддин Ахмедов 27 мамырда аргентиналық боксшы Ариэль Алехандро Сампедроны (9-4, 7 КО) нокаутқа түсірді. Отандасымыздың қарсыласы бірінші раундтың 84-ші минутында бауырынан ауыр соққы алды, содан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады. Жекпе-жек Квебекте Давид Лемье — Карим Ашур бокс кешінің аясында өткізілді. Бұл – Ахмедовтың кәсіби рингтегі екінші жеңісі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу