Отандық авиакомпанияларға Иранды айналып өту жолдарын жоспарлауға кеңес берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, баламалы бағыттарды таңдау, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұған дейін жіберілген нұсқауларды басшылыққа алу ұсынылды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Иран Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады деп хабарланған болатын. Израиль мемлекеті мұны жауапсыз қалдырмайтындықтарын мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу