Қазақстан құрамасының өкілдері Кирилл Герасименко мен Ескендір Харки Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы жұптық сында бақ сынады.
Жарыс барысында Герасименко мен Харки Франция өкілдері Эстебан Дорр мен Флориан Буррассоны 3:2, Өзбекстан спортшылары Шохрух Искандаров пен Кутбидилло Тешабоевты 3:0, Ресей құрамасының өкілдері Денис Ивонин мен Никита Артёменконы 3:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Шешуші кездесуде қазақстандық жұп ресейлік Максим Гребнев пен Лев Кацманға 0:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты.