Қазақстандық вакцина коронавирустың жаңа штамдарынан да қорғауы мүмкін

1033

Мұндай препаратты поливалентті деп атайды. 

Қазақстандық вакцина коронавирустың жаңа штамдарынан да қорғауы мүмкін

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz. 

Оның айтуынша Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жасап жатқан вакцина поливалентті.

"Поливалентті деп отырғанымыз инфекцияның жаңа штамдарына қарсы тұра алатын препарат. Біз британ, оңтүстік африкалық штамдарды зерттеудеміз. Болашақта осы штамдар вакцинаны жетілдіру кезінде қолданылады. Мұндай поливалентті вакциналар қатарына тұмауға қарсы екпелер кіреді. Себебі тұмау әрдайым мутацияға ұшырап отырады. Сондықтан оның таралуына қарсы тұру үшін вакцинаны жетілдіріп отыру керек. Біз бұл мәселе бойынша да жұмыс істеп жатырмыз", - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының алдында жануарларға арналған COVID-19-ға қарсы вакцина ойлап табу міндеті тұрғанын атап өтті. 

"Жануарлар да COVID-19-бен ауырып, инфекцияны тасмалдайтынын білеміз. Сондықтан мұндай вакцина керек", - деді Мирас Дауленов.

Бұған қоса елімізде тағы бірнеше вакцина жасалуда. Оның бірі клиникалық зерттеулер сатысынан өткен препарат. Аталған отандық вакцина Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген соң халыққа салына бастайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу