Қазақстандық вакцина үшінші сынақтан келесі жылы ғана өтеді

643

ДСМ үш вакцинаны назарда ұстап отыр. Еуропа мен АҚШ-та COVID-19 індетіне қарсы вакцина саудасы қызып жатса, біздің Денсаулық сақтау министрлігінің асығатын түрі жоқ. Вице-министр Ерлан Қиясовтың айтуынша, әлемде тіркелген 198 вакцинаның тек үшеуіне ғана басымдық берілетін көрінеді.

Қазақстандық вакцина үшінші сынақтан келесі жылы ғана өтеді

"Қазір әлемде тіркеліп, бекітілген 198 вакцина-кандидат бар. 42 вакцина бойынша адамдарға клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Дәл қазір ең келешегі бар вакцина деп – үш вакцинаны есепке алып отырмыз. Олар клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтуде. Ол – оксфордтық AstraZeneca және ресейлік "Спутник-5" вакциналары, сондай-ақ өзіміздің қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институты дайындап жатқан вакцина. Бұл вакцинаның алғашқы сынақтары өтті. Қазір екінші кезеңі жүріп жатыр. Келесі жылдың басында сынақтың үшінші кезеңіне кірісеміз", – деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу