Қазақстандық вакцинация паспортымен қай елдерге кедергісіз кіре аламыз

1103

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан осы уақытқа дейін Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд, және Түркияның уәкілетті органдарымен вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша ноталармен алмасу жұмыстарын жүргізген, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық вакцинация паспортымен қай елдерге кедергісіз кіре аламыз

Осылайша коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттары негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады.

"Сонымен бірге Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспорттарын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіруді жеңілдетті. Аталған елдердге бару үшін Қазақстан азаматтарына шекаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакциналауды растайтын құжатты ұсыну жеткілікті. Бүгінгі таңда Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізілуде", – дейді СІМ баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу