Қазақстандық вакцинаны зерттеудің 3-фазасы 15 сәуірде жартылай аяқталады

988

Оған 3 мың адам қатысты. 

Қазақстандық вакцинаны зерттеудің 3-фазасы 15 сәуірде жартылай аяқталады

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады inbusiness.kz. 

"Қазіргі кезде клиникалық зерттеудің 1,2 фазасы аяқталуға жақын. Оған 244 ерікті қатысты. Ал клиникалық зерттеудің 3-фазасы 15 сәуірде 50%-ға аяқталады. Зерттеу 3 мың еріктіге жүргізілді", - деді спикер. 

ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закаря вакцинаны клиникалық зерттеудің 3-фазасына тоқталды.

"Спутник V-дың иммунитетке әсерін нақты білу үшін оны 2 жыл бойы тексеру керек. Бүгінгі күні бұл зерттеулер тек қана бір жылдан астам жүріп жатыр. Сондықтан да оны нақты айту өте қиын. Біздің вакцинамыз туралы толық ақпаратты үшінші фаза аяқталғаннан кейін айтуға болады. Дегенмен басында ғалымдар өз вакцинамызбен еккен уақыттан бастап 9 ай уақыт өтті. 9 айдың ішінде иммундық жауап өте жоғары болып тұр", - деді Күнсұлу Закаря.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу