Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

370

Бұл - құрлықтық додада ел құрамасы қоржынына түскен 2-ші жүлде. 

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды Фото: olympic.kz

Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатына қатысқан қазақстандық Рамис Дінмұхамедов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қазақстандық велошабандоз із кесу жарысында мәре сызығын екінші болып қиды. Бас жүлде 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған жапониялық Эйя Хасимотоға бұйырды. Қола жүлдені гонконгтық Лян Чунь Вин иеленді.

Бұл - құрлықтық додада ел құрамасы қоржынына түскен 2-ші жүлде.

Биыл құрлықтық додаға Азия құрлығының 30 елінен үздіктер жиналды. Олардың арасында 14 қазақстандық велошабандоз ел намысын қорғайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу