Қазақстандық велоспортшылар Түркияда өткен Каппадокия турынан жеңіспен оралды деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған рейтингілік турнирге 5 мемлекеттен 10 команда қатысты.
Бірінші кезеңде қазақстандық Александр Овсянников мәреге екінші болып келді. Екінші кезеңде Алексей Волошин күміс, Александр Овсянников қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, үш күнге созылған тур қорытындысы бойынша қазақстандық Александр Овсянников чемпион атанды.
Аталған сында Қазақстан намысын Александр Овсяннкиов, Алексей Волошин, Арман Қамышев, Александр Семенов, Аспан Жүкенов, Никита Соколов, Степан Астафьев қорғаған болатын.
"Бұл рейтингілік турнир. Аталған жарыста топ жарған соң біздің еліміздің ұпайы артты. Велоспортшылар барлық нұсқауды орындап, сәтті өөнер көрсетті", - команда жаттықтырушысы Владислав Горбунков.