Қазақстандық зауыттар автокөлік брендтерінің 140-тан астам түрін өндіреді

801

Қазақстандық зауыттар автокөлік брендтерінің 140-тан астам түрін өндіреді

Биыл Қазақстанда сатылған әрбір екінші көлік – отандық өнім. Осылайша бұл саладағы сауда-саттық өткен жылға қарағанда, екі есе өсті. Дәлірек айтсақ, жалпы сомасы 26 млрд теңге тұратын 5 мыңнан астам көлік өз иесін тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Әсіресе, отандастарымыз Ресейдің және Оңтүстік Кореяның брендтеріне ден қойған. Бұл туралы Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының төрағасы Олег Алфёров журналистерге мәлімдеді.

Автокөлік құралдарының өндірісі де екі есе артып отыр. Қаңтар-наурыз айларында 7 мыңға жуық темір тұлпар конвейерден шығарылған. Ал бұл көрсеткішке негізінен үш фактордың арқасында қол жетіп отыр.

"Біріншіден біздің кәсіпорындар шығаратын көлік модельдері көбейді. Бүгінде қазақстандық зауыттар автокөлік брендтерінің 140-тан астам түрін өндіреді. Екіншіден "Жеңілдетілген автонесие" бағдарламасына Ұлттық қордан қосымша 8 млрд теңге бөлінді. Осылайша отандық өнімге сұраныс артты. Және үшінші фактор – ол ел экономикасының тұрақты өсімі", - дейді Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының төрағасы Олег Алфёров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу