Қазақстандық жас боксшылар Грузиядағы халықаралық турнирден үш "алтын" алды

1064

Қазақстан атынан Маңғыстау облыстық бокс мектебінің бес спортшысы аталған турнирде бақ сынады. 

Қазақстандық жас боксшылар Грузиядағы халықаралық турнирден үш "алтын" алды

Грузияда бокстан әлем және Еуропа чемпионы Георгий Канделакидің жүлдесі үшін бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Аталған сынға Қазақстан, Грузия, Ирландия, Түркия, Әзірбайжан мен Армениядан жүзге жуық спортшы қатысты, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстан атынан Маңғыстау облыстық бокс мектебінің бес спортшысы аталған турнирде бақ сынады. Нұрбек Орысбаев (60 келі), Нұрас Жеңіс (75 келі) және Абзал Құлжан (91 келі) жарыс жеңімпазы атанып, алтын медаль иеленді. Ал 49 келідегі Жарам Қомшабаев пен 52 келідегі Атақоныс Амангелдиевтің еншісінде қола медаль бар. 

"Бәсекелестік жоғары болғанына қарамастан, біздің боксшылар жоғары нәтиже көрсетті. Жеңіске деген жігерлері мұқалған жоқ", – деді бапкер Жарас Қалымов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу