Жас ғалым ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім берген, деп жазады Inbusiness.kz.
Ол полиэтилен пакеттерінің баламасын жасау арқылы қоршаған ортаны ластанудан қорғап, әлемдік мәселені шешуге үлес қоспақ, делінген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті хабарламасында.
Полиэтилен пакеттері — қоршаған ортаның басты індетіне айналғаны қашан, себебі бұл материал ғасырлар бойы топырақта ыдырамайтын қасиетке ие. Салдарынан бүкіл әлем қоқыстан құтыла алмай отыр.
Мәселенің өзектілігін түсінген Нариман Қайырбеков мектепте оқып жүріп, осы мәселені шешу жолдары туралы жиі ойланатын. Қазір жас ғалым тақырыпты толыққанды зерделеу мен эксперименттік зерттеулер сатысында.
"Мен крахмал немесе целлюлозадан биоматериал жасауға тырысамын. Қолданғаннан кейін оларды ыдырату үшін суда еріту жеткілікті. Қазір енді материалдың икемділігімен жұмыс жасаудамын. Менің арманым қазақстандық өндірісте биологиялық ыдырайтын өнімді жасап шығару” — дейді Нариман.
Жас ғалым ЖОО ғалымы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім беріп қойған. Ол мемлекеттен қаржылық қолдау алған жағдайда, жобаны толықанды жүзеге асыруды қолға алатыны анық.