Қазақстандық жас ғалымның еңбегі Дубайда ең үздік деп танылды

1182

Аталған халықаралық конференция оптика, фотоника және лазерлер жөнінде өткен.

Қазақстандық жас ғалымның еңбегі Дубайда ең үздік деп танылды Фото: Pixabay

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің постдокторанты Айман Ақылбекованың ғылыми еңбегі Дубай қаласында өткен халықаралық байқауда "Ең үздік постер" аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар ол, ЕҰУ өкілі конференцияның жалпы отырысының модераторы да болып сайланды.

Дубай қаласында өткен халықаралық конференцияға АҚШ, Италия, Жапония, Оңтүстік Африка, Канада, Түркия, Гонконг, Чехия, Қытай, Германия және басқа елдердің 30 ғалымы қатысты. Қатысушылар тарапынан 10 постер ұсынылды. Барлық жұмыстар қатаң түрде белгілі бір критерийлер бойынша таңдалды. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық ғалымның постерлік баяндамасы үздік деп танылды.

Бұл конференция тың идеялар мен тәсілдердің пайда болуына түрткі болды, маған күш-қуат және шабыт берді. Осы саладағы әріптестеріммен пікір алмасу – мен үшін тәжірибенің маңызды бөлігі. Мұндай іс-шарада барынша жақсы сөз сөйлеу үшін өзіңіздің ғылыми жетістіктеріңізді, сонымен бірге коммуникациялық қабілетіңізді көрсетуіңіз аса маңызды, - дейді ЕҰУ постдокторанты Айман Ақылбекова ruh.kz-ке берген сұхбатында.

Оның негізгі ғылыми қызметі – наноөлшемді кристаллиттер мен күрделі оксидті қосылыстардың наносымдарын, мырыш пен селен қосылыстарының
темплэйтті синтезін зерттеу және әзірлеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу