Ыстамбұлда өткен географиядан халықаралық олимпиада – IGeO 2026 додасында жоғары нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы елге оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана әуежайында жас географтарды Оқу-ағарту вице-министрі Сергей Компаниец, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Құраманың барлық төрт мүшесі де жүлдегер атанды.
Андрей Енбахтов пен Бекбол Дарын алтын медаль иеленді. Андрей Енбахтов жеке есепте олимпиаданың абсолютті чемпионы атанды.
Ал Амир Дарынов пен Алан Козленко күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасына Абай Дүйсен мен Алмас Искендиров жетекшілік етті.