Қазақстандық қыздар жекелей және жұптық сында да үздік шықты. Жекелей сында финалда Сандуғаш Кенжебаева мен ресейлік Елизавета Масная бас жүлдені сарапқа салды. Жарыс барысында Масная қазақстандықтар апалы-сіңлілі Арыстанбековаларды және Аружан Сағындықованы жолдан тайдырған болатын. Әсіресе, 3 сағат 11 минутқа созылған жартылай финалдық матчта Аружан Арыстанбекованы жеңген еді. Ал Кенжебаева жартылай финалда отандасы Дана Байдәулетпен 2 сағат 41 минут ойнады. Дегенмен соңғы бәсекеде С. Кенжебаева Е. Маснаядан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.
Жұптық сында финалда қазақстандық теннисшілер өзара мықтыны анықтады. Осы доданың бірінші ракеткалары Аружан Сағындықова мен Дана Байдәулет Әсем Шойбек пен Стефания Шалахованы 6:1, 6:1 есебімен тізе бүктірді.