25 мамыр күні Молдованың Кишинев қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы ITF Juniors G5 басталды. Бұл сында Қазақстан намысын Дана Байдәулет қорғауда деп жазады Olympic.kz.
Бірінші кезеңде Дана ресейлік Анастасия Воробеваны 6:2, 3:6, 7:5 есебімен жеңді. Ал екінші айналымда румыниялық Марина Андрэйден 6:1, 6:2 есебімен басым түсті. Ширек финалда Дана украиналық Анита Сахдиеваны жарыс жолынан шығарды.
Жартылай финалда біздің жас теннисшіміз ресейлік Анна Зыряновамен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу