Қазақстандық жасөспірімдер Азия чемпионатынан он медаль еншіледі

1288

Үндістанның Бангалор қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда.

 Қазақстандық жасөспірімдер Азия чемпионатынан он медаль еншіледі

Үшінші жарыс күні синхронды жүзуден Қазақстан командасының мүшелері он медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандықтар 6 – алтын, 3 – күміс және 1 қола медаль иеленді. 

12 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жекелей сында Полина Мерзлякова алтын, Варвара Снегирева күміс медаль жеңіп алды. 

13-15 жас аралығындағы спортшылар додасында Арина Мясникова алтын, Жәния Жиенғазы қола жүлдегер атанды. 

Дуэт бағдарламасында Анна Павлецова мен Юлия Рогалевалар топ жарса, Арина Мясникова мен Ясмин Тұяқова күміске қол жеткізді. 

12 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жұптық сында Полина Мерзлякова мен Варвара Снегирева алтын, Анастасия Воронкова мен Екатерина Усина күміс медаль еншіледі. 

Аралас дуэеттен 12 жасқа дейінгі спортшылар арасында Айғаным Саим мен Алдияр Рамазанов жеңіске жетті.

13-15 жас аралығындағы спортшылар бәсекесінде Эдуард Ким мен Жаклин Якимова топ жарды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу