Қазақстандық жастар Грузияның Кахетия өңірінде өтіп жатқан халықаралық жастар лагеріне қатысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Басқосуға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері де жиналды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, үздік бастамаларды талқылау және елдер арасындағы мәдени әрі достық байланысты нығайту.
Лагерь бағдарламасы аясында қатысушыларға білім беру және мәдени іс-шаралар, кездесулер, бірлескен жобалар мен экскурсиялар ұйымдастырылуда.
Халықаралық жиын Орталық Азия мен Кавказ жастарының өзара байланысын нығайтып, жаңа серіктестік орнатуына мүмкіндік береді.
Қазақстан делегациясының қатысуы жастар арасындағы екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.