Қазақстандық делегация 17–21 қазан аралығында Түркияның Трабзон қаласында өтіп жатқан халықаралық жастар кездесуіне қатысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесудің негізгі мақсаты – түркі елдері жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдени байланыстарды кеңейту және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Бағдарлама аясында цифрлық технологиялардың дамуы, қазіргі заманның өзекті мәселелері мен ұлттық мәдени құндылықтарды сақтау тақырыптарында пікірталас сессиялары өтті.
Сонымен қатар қатысушыларға арналған мәдени бағдарлама қарастырылған. Оның барысында жастар Түркияның тарихи орындары мен рухани мұрасымен танысады.
Халықаралық кездесу түрлі елден келген жастардың өзара түсіністігін арттырып, достық байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ ортақ тарихи мұра мен мәдени құндылықтар негізінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.