Ел жастарының 62 пайызы яғни тең жартысынан астамы баспанаға мұқтаж, деп хабарлайды 24.kz.
Ал бүгінде Қазақстанда 29 жасқа дейінгі азаматтардың саны – 4 млн.
Кезінде жас отбасыларды пәтермен қамту үшін 2020 жылға дейінгі арнайы бағдарлама да түзілді. Бірақ жоба осыдан 2 жыл бұрын тоқтап қалды. Ал қазіргі 7-20-25 бағдарламасы арқылы үй алайын десе, алғашқы жарнаға ақшасы жетпейді. Бұған қоса ай сайынғы төлемді өтеу де оңай емес. Себебі жастардың айлығы мардымсыз. Бүгін "Нұр Отан" партиясының панельдік сессияларының бірінде мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен осындай мәселе көтерді. Түйткілді шешу үшін халық қалаулысы жастарға ипотекаға үй рәсімдеуге несие беру керек деген пікірде.
"Мемлекет тарапынан арнайы бізде ипотекалық банктер бар, солар арқылы мөлшерлі түрде жас отбасыларға ипотека арқылы несие беріп, өздерінің тұрғын үй алуға мүмкіндігін жасау қажет.
Сондай-ақ Бақтияр Мәкен жастар жұмыссыздығы мәселесін де сөз етті. Олқылықты шешуге "Нұр Отанның" жастар практикасы бағдарламасы ықпал етіп келеді.
"Енді осы жоба шеңберінде оқуға түспей қалған мектеп түлектерін де оқыту мәселесін қарастыру керек", – дейді мәжіліс депутаты.