Қазақстандық жеңіл атлет допингпен ұсталды

707

Қазақстандық жеңіл атлет допингпен ұсталды

Ұлттық допингке қарсы орталық спорттан уақытша шеттетілген қазақстандық спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш тізімде Риода өткен 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, қазақстандық жеңіл атлет Юлия Рахманова бар. Ол олимп ойындарында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен. 27 жастағы спортшының қанынан тыйым салынған метастерон табылған. Ережеге сәйкес, ол 2022 жылдың 14 маусымына дейін 4 жыл уақытта үлкен спорттан шеттетілді.

Айта кетейік, Юлия Рахманова – 2015 жылы Кванджуда өткен Дүниежүзілік Универсиаданың алтын жүлдегері. Сондай-ақ сол жылы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапында қола медальді ұтып алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу