Қазақстандық жеңіл атлет халықаралық турнирде үздік төртікке енді

745

Люксембургтегі жарысқа 32 елдің спортшылары қатысты. 

Қазақстандық жеңіл атлет халықаралық турнирде үздік төртікке енді

400 метрге жүгіруден ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Литвин 29 шілде күні Люксембургте өткен Meeting International 2018 Luxembourg турниріне қатысты, деп хабарлайды olympic.kz.

Михаил Люксембургке 23 шілдедегі Қазақстан чемпионатынан кейін келді. Бұл оның биылғы жазғы маусымдағы үшінші халықаралық жарысы. Осының алдында Латвиядағы Рига Кубогында 46.51 секундпен үшінші орын алған. Одан кейін 16 шілдеде Рёде (Германия) қаласында өткен 48 International Leichtathletik Rhede Meeting додасында чемпион атанған (46.16 сек.). Осы жолы жерлесіміз 46,05 секундпен төртінші орынға ие болды.

Әзірге Литвиннің осы маусымдағы және жалпы спорттық карьерасындағы үздік көрсеткіші 29 маусым күні Ғ.Қосанов Мемориалында тіркелді. Ол кезде 22 жастағы атлет 1985 жылы Александр Курочкин орнатқан Қазақстан рекордын жаңартты – 45.50 секунд.

Люксембургтегі жарысқа 32 елдің спортшылары қатысты. Азия елдерінен Катар мен Сауд Арабиясының спортшылары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу