Қазақстандық Олга Рыпакова жеңіл атлетикадан "Гаухар лигаға" қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 28 мамыр Дохада (Катар) жеңәл атлетикадан әлемдік "Гаухар лига" турнирі басталады. Жарысқа қатысушылар арасында Қазақстан құрамасының үздігі Ольга Рыпакова бар. Дүниежүзілік додада ол үш қарғып секіру бойынша бақ сынайды.
Аталған санат бойынша негізгі фавориттердің барлығы сынға түседі. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Юлимар Рохас (Венесуэла), екі дүркін әлем чемпионы Катрин Ибаргуэн (Колумбия), Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Саладуха (Украина) бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу