Қазақстандық жеңіл атлеттер Тайландтағы турнирді төрт "алтынмен" аяқтады

987

Таиландтағы турнирге елімізден төрт спортшы қатысты.

Қазақстандық жеңіл атлеттер Тайландтағы турнирді төрт "алтынмен" аяқтады

Қазақстандық жеңіл атлеттер Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирін жақсы көрсеткішпен аяқтады. Біздің спортшылар төрт алтын медаль алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Таиланд ашық чемпионатындағы төртінші "алтын" ядро лақтырушы Иван Ивановтың жеңісі. Екінші орында тайпейлік Ма Вей Хау (16.78), үшінші орында малайзиялық Мұхаммад Золкефли (16.71). 

Айта кету керек, Таиландтағы турнирге елімізден төрт спортшы аттанды. Бұған дейін Полина Иванова (сырықпен секіру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) және Елизавета Матвеевалар (биіктікке секіру) жеңіс тұғырына көтерілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу