Қазақстандық ЖЭС миллиардтаған қарызға батқан

229

Энергетика министрлігінің басшысы энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегінің едәуір артқанын атап өтті.

Қазақстандық ЖЭС миллиардтаған қарызға батқан Фото: gov.kz

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылғы 25 маусымда өткен Үкімет отырысында елдің энергия өндіруші ұйымдарының отын үшін берешек сомасын атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы берешегі 24,6 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдында 6 млрд теңгеден астам сомада берешегі бар. Энергия кәсіпорындары берешекті өтеуді жеделдетуі қажет", - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

2024 жылғы 10 мамырда Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қай өңірлерде жылу электр станцияларының (ЖЭО) әбден тозығы жеткенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу