Қазақстандық жеті спортшы Босфор бұғазын жүзіп өтті

867

Қазақстандық жеті спортшы Босфор бұғазын жүзіп өтті

Алматыдағы триатлон мектебінен аттанған 7 спортшы Босфор бұғазын жүзіп өтіп, қарама-қарсы беттегі жағаға аман жетті, деп хабарлайды khabar.kz.

Жалпы жыл сайынғы дәстүрге арналған осы спорттық шараға дүниенің түкпір-түкпірінен 2300-ден астам адам қатысты.

Еуропа мен Азияны жалғайтын Босфор бұғазын жүзіп өткен адам құрлықаралық жүзгіш атанады. Жүзу бұғаздың Азияға қарасты бөлігінен басталады. Спортшылар 6,5 шақырымнан астам жерді жүзіп өтуі шарт. Бірақ бұл қашықтық қатысушылар үшін басты қиындыққа жатпайды. Бұғаздың аумағында судың ағысы екі түрлі болады. Жүзгіштер көк айдынның асау ағысына бой алдырмауы тиіс. Бағыттан жаңылмай жүзген адам жеңіске жетеді. Ал мүлт кетіп, ағыстың салдарынан өзге жаққа еріксіз бұрылып кеткен қатысушы сайыстан шығып қалған болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу