P. Diddy-дің 2011 жылы Қазақстаннан бала асырап алғысы келгені рас па?

604

Атышулы америкалық рэпер Шон Комбс (P. Diddy) қазіргі уақытта сексуалдық қылмыстармен айыпталып жатыр.

P. Diddy-дің 2011 жылы Қазақстаннан бала асырап алғысы келгені рас па? Фото: bloomberg.com

БАҚ беттерінде оның 2011 жылы Алматыдағы №2 балалар үйіне келгені айтылған еді. "Известия" басылымы ол барған балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісін тауып, оның шетелдік жұлдызбен кездесуі жайлы сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жігіт Алматыда пәтер жалдайды, жазда бармен, қыста газ қазандықтарын жөндеу шебері болып жұмыс істейді.

Ол балалар үйіне алты жасында келгенін айтты. P. Diddy Алматыдаға келгенде ол 13 жаста еді. Мекеме қабырғасында қонақты ертіп жүріп таныстыру жұмысы Рахимға тапсырылған.

"Оны қарсы алдық. Алдымен экскурсия жасап, бөлмелерді, аумақты, спорт залды көрсеттік. Балалар үйіне шағын румтур өткізілді. Одан кейін акт залына бардық, бір сағаттай концерт болды. Кейін ол қолтаңба беріп жатты. Ол мені үнемі қолымнан ұстап жүрді. Бұл мен үшін мақтау сияқты көрінетін. Бірде арқамнан сипап, бірде арқамнан қағып, "thank you" деп, тағы бір нәрсе айтты", – деп еске алды Рушанов.

Баланың музыканттың сөзін түсінбеген, себебі ол ағылшын тілін білмейтін. Рушановқа тек бір ғана сөзді аударған, яғни, әртістің оны балалар үйінен алып кеткісі келетінін айтқан.

"Ол ағылшын тілінде сөйледі. Маған аударылған жалғыз сөйлем: "Ол сені өзімен бірге алып кеткісі келеді". Содан кейін бұл тақырып шамамен бір ай бойы қозғалып жүрді. Бір сәтте үміттене бастадым. Мен балалар үйінің баласымын, ал американдық жұлдыз мені Америкаға алып кеткісі келеді. Ол кезде мұндайды есту бақыт еді. Бірақ ақырында мені асырап алу мүмкін болмады, себебі, маған айтқандай, ол тек мені ғана алғысы келген, ал балалар үйінде менің әпкелерім бар еді", – деп әңгімеледі бұрынғы балалар үйінің тәрбиеленушісі.

Алайда, балалар үйінің бұрынғы директоры Ақмарал Шатаева, P.Diddy өз сапары кезінде баланы асырап алуға шынайы қызығушылық білдірген бе деген сұраққа: "Қайдағы! Ондай болған жоқ" деп таңданып жауап берді.

Оның пікірінше, бұл біреудің қалжыңы болуы мүмкін.

"Рахим өзі қара торы бала ғой. Сол кезде, мүмкін, біреу жай ғана қалжыңдаған шығар. Ал шын мәнінде ондай болмады. Мен есімде сақтап қалар едім. Ондай болуы мүмкін емес. Сізге сенімді айтамын, ол баланы асырап алғысы келетіндей қызығушылық болмаған", – деді ол.

Бұрынғы директордың пікірінше, жұлдыздың балалар үйіне келуі оның сапарының қайырымдылық мақсатын көрсету үшін қажет болған. Рэпер балаларға өзінің музыкалық дискілері, теледидарлар және кепкелер әкелді, бұл туралы сол кезде БАҚ жазған.

Мекеме көптен бері жабылған, бірақ Шатаева сол кездегі тәрбиеленушілер мен ұжымды қазіргі уақытта рэпердің қара ниетті әрекетімен байланыстыратынына қынжылтатынын атап өтті.

"Біздегі балалар үйінен шетелдіктер балаларды асырап алғысы келді деген әңгіме мүлдем болған емес. Біздің тәрбиеленушілерімізге де, қызметкерлерімізге де қазіргі уақытта балаларды сатып жіберді деген әңгімелерді есту өте ауыр. Балалар – тауар емес, оларды сатуға болмайды. Білім министрлігіне немесе Сыртқы істер министрлігіне сұрау салсаңыздар, балалардың қанша рет шетелге шығарылғанын көресіздер", – деп ашуланды бұрынғы директор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу