Отандасымыз Әлібек Қайырбек Килиманджаро тауында қазақтың қасиетті домбырасымен Құрманғазының "Адай" күйін орындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Халық аспаптар ансамблінің мүшесі Әлібек Қайырбек Африканың ең биік шыңы – Килиманджаро тауында қазақтың қасиетті домбырасын әуелетті. Бұл – ұлттық өнеріміздің ерекше үнін тау шыңында танытқан бірегей сәт. Әлібек Қайырбекті осы жетістігімен барша театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу