Қазақстандық ЖОО-лардың бірқатары жекешелендіріледі

983

Қазақстандық ЖОО-лардың бірқатары жекешелендіріледі

Қазақстанда бірқатар жоғары оқу орындары жекешелендірілетін болады. Бұл туралы Үкіметтің 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы "2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш құжатта жекешелендіруге жатататын мемлекет иелігіндегі ұйымдардың тізімі жарияланған. Олар: "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті", "КИМЭП университеті" АҚ, "О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті" АҚ, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы" АҚ, "М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті" АҚ, "Алматы энергетика және байланыс университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Аталған тізімге "Жезқазғанредмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорны, "Қазақ мәдени ғылыми-зерттеу институты" ЖШС де кіруі мүмкін. 

Қаулы жобасын талқылау 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу