Қазақстандық жүк тасымалдаушылар КҚК-ге 4,4 млн тонна мұнай жіберді

734

5 айда Теңіз кен орнынан 2,4 млн мұнай, Қарашығанақтан 860,1 мың мұнай, Қашағаннан 1,1 млн тонна мұнай өндірілген. 

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар КҚК-ге 4,4 млн тонна мұнай жіберді

2021 жылғы мамырда отандық жүк тасымалдаушылар Каспий құбыр консорциумына (КҚК) 4,4 млн тонна мұнай жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мамырда Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына 5,2 млн тонна мұнай жіберілді. Бұл сәуірмен салыстырғанда 3,8%-ға және 
өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға артық. Ал 2019  жылғы мамырмен салыстырғанда жүк тасымалы шамамен 15%-ға артқан.

"Мамырда қазақстандық жүк тасымалдаушылар Каспий құбыр консорциумына (КҚК) 4,4 млн тонна мұнай жіберді: Теңіз кен орнынан 2,4 млн тонна мұнай, Қарашығанақтан 860,1 мың тонна мұнай, Қашағаннан 1,1 млн тонна мұнай", - деп жазылған КҚК-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Ресейден 815,8 мың тонна шикізат жіберілген. КҚК мәліметінше, мамырда жүк жіберу жоспары толық орындалған.

"2021 жылғы қаңтар-мамырда 24,9 млн тонна мұнай жіберілді. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға аз. Алайда аталған мұнай көлемі 2019 жылғы қаңтар-мамырдағы көрсеткішке сәйкес келеді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар мамырда 50 танкерге жүк тиелген. Осылайша, биыл 5 айда Южной Озереевка мұнай терминалына жүк тиелген 240 кеме жіберілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу