Қазақстандық жұмысшыларды әкеле жатқан автобус Түмен түбінде тұрып қалды

1289

Қазақстандық жұмысшыларды әкеле жатқан автобус Түмен түбінде тұрып қалды

13 қарашада Қазақстанның азаматтарын ауысымдық жұмыстан үйлеріне әкеле жатқан автобус Түмен–Ханты-Манси тас жолының 22-шақырымында  тұрып қалды. Олар Тоболдан Қостанайға бет алыпты. Автобустың соляркасы қатып, қозғалтқыш істемей қалған. Жол үстінде тұрып қалған автобусты мемлекеттік жол инспекциясының қызметкерлері дер кезінде байқаған, деп жазады "Комсомольская правда-Тюмень".

ЖПҚ инспекторлары төтеншеліктерді шақырып, оқиға орнында тамақ беріп, жылыту қосынын ұйымдастырған. Ауысым жұмысшыларының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Облыстық мемлекеттік автоинспекцияның мәліметі бойынша, қозғалыс қауіпсіздігі үшін жолдың бір жолағын жабуға тура келген. Қазір автобус жөнделді, ал жолаушылар жақын күндері аман-есен үйлеріне жететін болады. Дегенмен көліктің техникалық жағдайына тексеру жүргізу барысында орындықтардың қауіпсіздік белдігі жоғы, әрі ол техникалық жарамсыз екені анықталып отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу