Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады

878

Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлдеге ие болды. 

Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы екі медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей чемпион атанды. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 255 келіні (115+140) бағындырған.  Күміс жүлдені тағы бір қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов еншіледі. Абылай 244 келіні (108+136) еңсерген.  Бүгін Зүлфия Чиншало мен Игорь Сон жүлдеге таласады. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу