Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатынан тағы үш медаль еншіледі

736

Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар тағы үш медаль жеңіп алды.

Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатынан тағы үш медаль еншіледі

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Карина Құзғанбаева 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтын жүлдегер атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 227 келіні бағындыран (101+126), деп хабарлайды Olympic.kz. 

+81 келіде бақ сынаған Айсамал Сансызбаева Азия чемпионы атанды. Оның көрсеткіші – 249 келі (109+140).

Ал ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Сәпи Есенкелді қола жүлдеге қол жеткізді. Сәпи екі жаттығу қорытындысы бойынша 311 келіні бағындырған.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу