Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 240 мыңнан астам өтінім берді

209

Биыл 1 сәуірде басталған бірінші сыныпқа өтінімдер мен құжаттар қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. 

Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 240 мыңнан астам өтінім берді Фото: Индустриальная Караганда

Ата-ана балаларының құжаттарын еgov.kz  электронды үкіметінің веб-порталы арқылы бере алады, деп жазады inbusiness.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам қазақстандық бала барады деп күтілуде.

"Бүгінгі таңда 242 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа қабыдау бойынша ең көп өтінім Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларында тіркеліп отыр", - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарға қолайлы болуы үшін, бұл қызмет түрі автоматтандырылып, құжаттарды қабылдау egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуде. Бірінші сыныпқа балалар алты жастан бастап, ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Портал арқылы ұсынылатын құжаттар:

  1. Ата-анасының немесе заңды өкілдің өтініші;
  2. 065/е нысанындағы "Профилактикалық екпелер картасы" және №052-2/е нысанындағы "Бала денсаулығы картасы" медициналық құжаттары;
  3. Баланың 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті.

Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу