Қазақстандықтар 10 мыңға жуық автокөлікті несиеге алған

908

Қазақстандықтар 10 мыңға жуық автокөлікті несиеге алған

Осы жылдың 10 айында ресми дилерлер ішкі нарықта 38963 автокөлік сатқан, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Ал сыртқы сауда 3,6 есе артып, былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі 391 бірлікпен салыстырғанда 1401 бірлікке жеткен, деп хабарлайды abctv.kz.
Бір жыл ішінде сатылған жаңа автокөліктердің саны қазан айында  алғаш рет 5000-нан асып, 5027 бірлік болған. Қазақстандағы сауданың тұрақты өсуін жергілікті автокөліктердің саудасы қамтамасыз етіп тұр. Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) хабарлауынша,  сауданың ең жақсы айлық көрсеткіші есептік кезеңге сәйкес келіп, 1988 бірлікті құраған.

Жеңілдетілген автонесие – отандық авткөлік саудасы үшін қозғаушы күш болып отыр. 2 қарашадағы жағдай бойынша, қазақстандық өндірістен шыққан 9573 автокөлік жеңілдетілген автонесие арқылы сатылған.

"Қазақстанның Даму банкі" АҚ екінші деңгейлі банктердің 38 млрд 456,1 млн теңгеге автонесие берудің 9872 өтінімін мақұлдаған. Оның ішінде екінші деңгейлі алты банк отандық автоөндірушілердің автокөлігін сатып алуға  жалпы сомасы 37 млрд 377,6 млн теңге болатын 9573 несие берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу