Қазақстандықтар 2024 жылы визасыз қайда ұша алады

476

Жыл басынан бастап қазақстандықтардың виза ресімдемей-ақ саяхаттау мүмкіндігі артты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар 2024 жылы визасыз қайда ұша алады Фото: canva.com

Енді Қазақстан азаматтары ұлттық төлқұжатпен 40 елге бара алады.         

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, қазақстандық паспорт әлемнің 30-дан аса елінде емін-еркін жүруге мүмкіндік береді. Алайда, олардың тұрақтау уақытында шектеулер бар. 2023 жылдың қараша айынан бастап визасыз елдердің тізіміне Қытай мен Сейшел аралдары қосылды. Визасыз ұзақ уақыт болуға мүмкіндік берген жетекші елдер:

  •  Грузия - бір жылға дейін;
  • Армения - алты айға дейін;
  •  Сент-Винсент және Гренадиндер - алты айға дейін.

90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарларға қолайлы елдер келесідей:

  • Албания;
  •  Андорра;
  • Әзербайжан;
  • Гаити;
  •  Колумбия;
  • Молдова;
  • Моңғолия;
  •  Ресей;
  •  Түркия;
  • Украина.

Сонымен қатар, қазақстандықтар Түркияда жарты жылда 90 күнге дейін ғана визасыз бола алатынын айта кету қажет.

Отандастарымыз төменде көрсетілген елдерге бір айға саяхаттай алады:

  •  Аргентина;
  •  Бразилия;
  •  Вьетнам;
  • Доминикан Республикасы;
  •  Қатар;
  •  Қытай;
  • Оңтүстік Корея (2022 жылғы 1 сәуірден бастап Кореяға кіруге электрондық рұқсат беру жүйесі (K-ETA) іске қосылды;
  • Куба;
  • Малайзия (елге кіру үшін MDAC электрондық көші-қон картасы қажет, оны елге барар алдын 3 күн бұрын толтыруға болады);
  •  Мальдив Республикасы;
  • Никарагуа;
  • БАӘ;
  •  Сан-Марино;
  • Сейшел аралдары;
  • Сербия;
  • Тунис;
  • Филиппиндер;
  • Эквадор.

Бұл ретте Барбадоста тұрақтаудың максималды ұзақтығы 28 күн екенін ұмытпаған жөн.Қазақстандықтар14 күнге дейін визасыз 4 елге бара алады:

  • Гонконг;
  •  Иран;
  •  Оман;
  • Тайланд (жақында Қазақстанмен визасыз режимді жарты жылға ұзартты).

Сонымен қатар визаны ұшып барғанда рәсімдеуге мүмкіндік беретін бірнеше ел бар. Атап айтқанда:

  •  Замбия;
  •  Индонезия;
  •  Маврикий;
  •  Намибия.

Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан тәрізді ТМД елдерінде 30 күн болғаннан кейін көші-қон органдарында тіркелу қажет. Ал Өзбекстанда 5 күннен кейін тіркелу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу