Қазақстандықтар 2026 жылы қандай мерекелерде демалады

189

2026 жылға арналған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесі электрондық үкімет порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстандықтар 2026 жылы қандай мерекелерде демалады Фото: canva

2026 жылы бірқатар мемлекеттік мерекелер демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, қосымша демалыс күндері қарастырылған. Осыған байланысты қазақстандықтар төмендегідей демалады:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Мереке жексенбі күніне түскендіктен, демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады;

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 21 және 22 наурыз күндері сенбі мен жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күндері 24 және 25 наурызға, яғни сейсенбі мен сәрсенбіге ауыстырылады;

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні. Мереке сенбіге түскендіктен, демалыс күні 11 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылады;

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Бұл мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 31 тамызға ауыстырылады;

25 қазан – Республика күні. Мереке жексенбіге түскендіктен, демалыс күні 26 қазанға ауыстырылады;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Сонымен қатар мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні және 7 қаңтар – православ Рождествосы демалыс күндері болып саналады, бұл мерекелерге байланысты демалыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған.

2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу